1 Қыркүйек Білім күні » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 Қыркүйек Білім күні
02
сентябрь
2021

1 Қыркүйек Білім күні





Мектебізде 1 қыркүйек салтанатты жиыны 2021-2022 оқу жылы еліміздегі эпидемологиялық жағдайға байланысты 1 сыныптар арасында мектеп алаңында карантин талаптарын сақтай отырып «Кел балалар оқылық»тақырыбында өткізілді. Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы.Бірінші қыркүйек күні Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде мектеп директоры Кунсакалова Жанаргул апайымыз «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтарын табыстады.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі өлең шұмақтарын орындап «Мектеп әндері» шырқалынды.
Ал 2-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Әр сынып жетекші тыңғылықты түрде дайындалып оқушыларға тәрбиелік патриоттық сезімдерін оятатындай сынып сағатын өткізді.. Оқушыларды елжандылыққа, туған тілді құрметтеуге, ана тілдің мәртебесін көтеруге тәрбиелеуде осындай танымдық тәрбие сағаттарың маңызы зор
Теги:
мектеп