Отбасы күні » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2022

Отбасы күні

                         Отбасы күні мерекесіне  өткізілген іс - шаралар 
    Ежелден-ақ дана халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп, қоғамдағы отбасының құндылығына ерекше назар аударған. Мықты мемлекеттің қалыптасуы үшін әрбір үйдің, әрбір шаңырақтың береке бірлігі жарасымды, ынтымағы ырысты болуы керек. Үлкенге ізет көрсету, кішіге құрмет қылу – қазақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Ықылым заманнан қазақ ұғымында отбасының орны ерекше. Сондықтан ең алдымен баланың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын десеңіз, өзімізді тәрбиелеп, баланы ата-дәстүр салтымен, рухы асқақ азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан елімізде жанұяға маңызды орын берілген, өйткені  адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.
            Отбасы күніне орай мектебімізде 1-11 сыныптарда "Отбасым менің байлығым" тақырыбында тәрбие сағаттары, ата - аналар жиналыстары  өтті.