Оқуға құштар мектеп жобасы » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқуға құштар мектеп жобасы
28
декабрь
2022

Оқуға құштар мектеп жобасы

«Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында «Кітап-біздің досымыз» атты тақырыпта оқы,талқыла, суретте  тапсырмасы бойынша 2 «В» сынып оқушыларымен өткізілген іс-шара есебі. Сынып жетекшісі: Өтеген Мөлдір Әуезханқызы.

Өткізілген орны: Кітапхана. Кітапханашы:Кудайбергенова Гулзада Мукановна.

Жобаның мақсаты:Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ  бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру

Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу.Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан «Кітапхана-білімнің күн шуағы» десек, «Ізденсем,білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан ашық.Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап-білім бұлағы,білім өмір шырағы»-деген қанатты сөз қалдырған. Адам баласы үшін кітап –тілсіз тәрбиешісі демекші оқушыларға ұлы адамдарымыздың нақыл сөздерін және оқу,білімге байланысты мақал-мәтелдер жаттау тапсырмасы берілу арқылы «Кім біледі?» ойыны ойнатылды.Балалар қызыға ат салысты.

Кітап оқуды сүйетін балалардың сөздік қоры бай әртүрлі салада білімі мол мектептегі оқу үлгерімі жоғары болады,өмірде жетістікке жетеді,заң бұзушылықтарға бармайды,тәртіпті әрі тәрбиелі болып қалыптасады-дейді зерттеушілер. Кітап- асып таспайтын асыл досымыз.

 Жобамыздың  келесі кезеңінде  «Оқы,талқыла,суретте» айдары болды. Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды.Бала өмірде жетістікке қол жеткізу  үшін сауатты,білімді болып өсуі шарт.Әлемде өз-өзіне сендімді болуы қажет. Алайда баланың кітап оқуға құмарлығын, ізденісте болуын, жаңа  білім алуға талпынуын,қоғамда теріс ағымға түсіп қалмауын жеке ойының болуын қалай қалыптастыра аламыз? Яғни бұл сұрақтың жауабы:баланы кітап оқуға көбірек баулу.Оқуға құштар мектеп жоспары бойынша 10 күндік тапсырма берілді.Тапсырма шарты жіберілген  электронды ертегілерді оқу арқылы ертегі мазмұнын видеороликке түсіру және ертегі мазмұнын суреттеу. 

Жобамыздың мақсаты оқу сауаттылығын және оқу сапасын сондай-ақ жас ұрпақ бойындағы жоғары азаматтық адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру,отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.Оқушылардың орындап келген тапсырмалары бойынша видеороликке және салған суреттеріне назар сала отырып балалар жұмыстары бағаланып дипломмен марапатталды.

Келген қонақтар ертегілер еліне саяхат жасай отырып видеоға түсірілген ертегілер мазмұнын тыңдай отырып кофе брейк ұйымдастырылды.

 «Кітап-біздің досымыз» атты оқуға құштар мектеп жобасы аясында өткен танымдық сабағымыз өз мәресінде өтті. Білім алудан, үйренуден,ізденуден еш уақытта жалықпай  білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ-ұлт келешегін тәрбиелеу біздің қолымызда.







Теги:
11

Похожие публикации: