Іс-шаралар » Страница 10 » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"МИФ" бірлестігінің ашылуы
18
апрель
2022
"МИФ" бірлестігінің ашылуы
18 сәуір мен 22 сәуір аралығында математика, информатика, физика пәндерінің апталығы. Осыған орай МИФ апталығының ашылуы болып, апталықта өтетін түрлі іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. "Кім жүйрік" атты  викториналық сұрақтарға жауап берілді. 5 сыныптар көрініс көрсетіп, 8 сынып оқушылары әндер айтып, 4 сынып қыздары робот биін биледі. Апталықтың ашылу барысында оқушыларымызға өтетін іс-шараларға белсене ат салысып, өздерінің тапқырлықтарын ортаға салуға шақырды. 
"Қарттарым асыл қазынам"
18
апрель
2022
"Қарттарым асыл қазынам"
Қарт адамдарды қуанту мақсатында 5 "г" сынып оқушыларымен ауылымыздың қариясы Күлтән апаның ауласын тазалау жұмыстары жасалынды.Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе­тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Көмекке мұқтаж қарттарымызды  жастар болып қамқорлыққа алу басты мақсатымыз.Осы мақсатта мектебіміздің оқушылары жалғыз басты, көмек қажет ететін
"Флешмоб" байқауы
12
апрель
2022
"Флешмоб" байқауы
11 сәуір мен 15 сәуір аралығындағы ағылшын тілдері апталығына байланысты 7 сынып оқушылары арасында  ұйымдастырылған "Флешмоб" байқауы өткізілді. Байқауға 7 сынып оқушылары белсене ат салысып, 7 "Б" сынып оқушылары бас жүлдеге ие болды. Қалған сыныптарда байқауға жақсы дайындалып, өздерінің өнерлерін көрсетті.
"Фестиваль русских песен"
11
апрель
2022
"Фестиваль русских песен"
       Мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінен құрылған "Язык и Речь"  бірлестігінің Конкурс "Танцор-Диско" және "Фестиваль русских песен" атты шығармашылық кештері өте жоғары деңгейде өтті. Кеште оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыруға бағытталғаны қатысқан балалардың қуанышында көрініс тапты.
Ағылшын тілі пәні апталығы
11
апрель
2022
Ағылшын тілі пәні апталығы
Мектебімізде 11 сәуір мен 15 сәуір аралығында ағылшын пәні бірлестігінің апталығы өтуде. Ұстаздарымыз ашық сабақтар мен түрлі сыныптан тыс іс-шаралар өткізуде. Барлық сынып оқушылары мен ағылшын пәні мұғалімдері белсене қатысуда!
Наурыз мейрамы
22
март
2022
Наурыз мейрамы
Наурыз – шығыс елдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұл күнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған. Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін
22 Наурыз мерекесі
22
март
2022
22 Наурыз мерекесі
Ұлттық салт дәстүрімізді дәріптеп 22 наурыз мерекесіне ұйымдастырылған 1 "Ә" сынып оқушылары ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларымыздың бойына ата- баба салтын, мәдениетін жалғастыру мақсатында түрлі Ұлттық ойындар және ұлттық тағамдар, киімдер көрсетілді. 
"Парасат пен ізгілік" жобасы аясында Қазақстанда қайырымдылық қорларына оң баға беріледі деп есептейді/ есептемейді тақырыбында дебат
17
март
2022
"Парасат пен ізгілік" жобасы аясында Қазақстанда қайырымдылық
Мектебімізде дебат мүшелерімен "Парасат пен ізгілік" жобасы аясында Қазақстанда қайырымдылық қорларына оң баға беріледі деп есептейді/ есептемейді тақырыбында дебат ойыны болып өтті. Екі жақты ойын тартысты өтті. Бір-біріне жақсы қарсылас бола білді.
"Кітап оқу мәдениеті"
17
март
2022
"Кітап оқу мәдениеті"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 4 "В" сыныбында "Кітап оқу мәдениеті" атты кеш өтті. Оқушылар Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" кітабынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөлісті, сол туындыны жарнамалады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сынып жетекшілері Айсұлу Бақытжанқызы түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұйымдастырды.