"Lesson Study" » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2022

"Lesson Study"



5- сәуірде 8 Б сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Lesson Study көзқарасын пайдаланып сабақ өтілді. LS –дің мақсаты бойынша зерттеу сабағы болды. Алдын ала оқушылар анықталып, /А, В, С/ деңгейіндегі критерийлері бақыланды. Сабақтың мақсаты мәтінге талдау жасау болды. Сабақтың мақсатына жету үшін оқушылар жеңіл – қиын сұрақтарға жауап беріп отырды. Үлгерімі төмен оқушыларға қосымша жеңіл сұрақтар қойылып сабаққа қатысуына ықпал жасалды. Түрлі слайдпен жұмыс жасай отырып оқушылар өз білімдерінің деңгейін көрсетті. Тақырып қиындау болғандықтан балалар тапсырманы деңгейлеріне қарап орындады. Кері байланыс орнатылып, оқушылар тақырып жөнінде өз ойларын айтты. Бірақ белгілі бір мөлшерде түсінік алып, келесі сабаққа тапсырма берілді. Күнделікті сабақ ретінде тақырыпты талдауда сабақтың мақсаты орындалды.   6- сәуірде 8 Б сыныбында орыс тілі мен әдебиеті сабағында тақырыпқа сай материалдар болды.Күнделікті сабақ ретінде тақырыпта мәтінмен жұмыс өз деңгейінде өтіп, сабақтың мақсаты орындалды. 7- сәуірде 8 Б сыныбында орыс тілі мен әдебиеті сабағы жаңа тақырып өзгеше таныстырылды. Музыка тыңдап, балалар өзгеше әсер алды. Кластер, синквейн құрастырып, төмен оқитын оқушыларға өз деңгейіндегі тапсырмалар берілді. Балалар қызығушылық танытып, ойын түрінде сабақты қорытындылады. Сабақ мақсаты орындалды. Оқушылар орыс тілі мен әдебиеті сабағы екенін ұмытқандай емін-еркін және белсене қатысты.