1 сыныпқа қабылдау бойынша » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2021

1 сыныпқа қабылдау бойынша


Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы ақпараттық хат барлық білім беру ұйымдарына жолданды.
✅ 1 сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
✅ Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы және қағаз жүзінде беруге болады.
✅ 2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 47 007 бала қабылданса, ағымдағы жылға 1 сыныпқа шамамен 49000 бала қабылдау жоспарланып отыр.
♻️ Ата-аналардың назарына! Мектепке қабылдау мектептердің сыйымдылығына қарай жоспарланып, қабылданады.
♻️ Қажетті құжаттар тізбесі:
• 🔸️ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
• 🔸️ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• 🔸️ «Бала денсаулығы паспорты»;
•🔸️ 3х4 көлеміндегі фото.
Теги:
мектеп