Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы
06
февраль
2020

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы


МАЗМҰНЫ

РҚАО-ның ескертпесi!
Осы заңға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV(2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Ескерту. Заңның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

Ескерту. Бүкiл мәтiнiнде "терроршылдыққа", "терроршылдық", "терроршылдықты", "терроршылдықтың", "терроршылдықтан", "террорлық", "террорлыққа", "терроршыларды", "терроршы", "терроршылардың", "терроршылармен", "терроршымен", "терроршыны", "терроршыларға", "терроршыға" деген сөздер тиiсiнше "терроризмге", "терроризм", "терроризмдi", "терроризмнiң", "терроризмнен", "террористiк", "террористiкке", "террористердi", "террорист", "террористердiң" "террористермен", "террористпен", "террористi", "террористерге", "террористке" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.02.19 N 295 Заңымен.

Осы Заң терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнiң зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

Ескерту. Мәтiн бойынша «террористiк акцияларды», «террористiк акцияларға», «террористiк акциялардың», «террористiк акция», «террористiк акцияны», «террористiк акцияның», «террористiк акциядан» деген сөздер тиiсiнше «терроризм актiлерiн», «терроризм актiлерiне», «терроризм актiлерiнiң», «терроризм актiсi», «терроризм актiсiн», «терроризм актiсiнiң», «терроризм актiсiнен» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер - терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыру үшiн құрылған мамандар топтары;
2) кепiлге алынған адам - кепiлге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттiк органды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бiр iс-қимыл жасауға немесе қандай да бiр iс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында кепiлге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;
3) терроризм - қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет не қоғам қайраткерлерiнiң қызметiн тоқтату немесе осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;
4) терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiрiне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында оның өмiрiне қастандық жасау;
5) терроризмдi (террористiк қызметтi) қаржыландыру - террористiк қызметтi жүзеге асыру үшiн террористерге және (немесе) террористiк ұйымдарға ақша және (немесе) өзге мүлiк беру немесе жинау не қаржылай қызмет көрсету;
6) терроризмге қарсы операция - адам күшiн, қызметтiк иттердi, әскери және өзге де техниканы, қарулар мен арнаулы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актiсiнiң алдын алу, жолын кесу, террористердi, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм актiсiнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi арнайы iс-шаралар кешенi. Тiзбесi «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзету iс-шаралары да терроризмге қарсы операцияларға жатады;
7) терроризмге қарсы операциялар жүргiзу аймағы - терроризмге қарсы операцияның басшысы анықтаған, аталған операция жүргiзiлетiн шектегi жердiң немесе акваторияның жекелеген учаскелерi, әуе кеңiстiгi, көлiк құралы, құрылғы, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ
8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi - терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiнiң айрықша режимi, онда терроризмге қарсы операция жүргiзу кезеңiнде азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеудiң жекелеген шараларын белгiлеуге жол берiледi;
9) терроризмге қарсы iс-қимыл - терроризмдi анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, терроризмнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою;
10) терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын және терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi өз өкiлеттiктерi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
11) терроризм профилактикасы - терроризмнiң алдын алуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi;
12) террорист - террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға қатысушы адам;
13) террористiк топ - террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында бiрiккен екi және одан да көп адамдардан құралған топ;
14) террористiк тұрғыдан осал объектiлер - тiзбесiн терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн объектiлер;
15) террористiк iс-әрекет - террористiк қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердiң кез келгенiн:
терроризм актiлерiн ұйымдастыруды, жоспарлауды, дайындауды, қаржыландыруды және iске асыруды;
терроризм актiсiн жасауға айдап салуды;
терроризм актiсiн iске асыру үшiн заңсыз әскерилендiрiлген құралымдар, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйымдар) құруды, сондай-ақ осындай құрылымға қатысуды;
террористердi тартуды, қаруландыруды, үйретудi және пайдалануды;
терроризм актiсiн жоспарлауда, дайындауда немесе iске асыруда ақпараттық тұрғыдан немесе өзге де жәрдемдесудi;
терроризм идеясын насихаттауды, террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға шақыратын не осындай iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiлiгiн негiздейтiн немесе ақтайтын материалдар мен ақпаратты таратуды қамтитын iс-қимыл;
16) террористiк ұйым - террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыратын не өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкiндiктерiн мойындайтын, оған қатысты террористiк ұйым деп тану туралы сот шешiмi қабылданған және күшiне енген ұйым;
17) халықаралық террористiк iс-әрекет:
террорист немесе террористiк ұйым бiреуден көп мемлекеттiң аумағында жүзеге асыратын немесе бiреуден көп мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн;
бiр мемлекеттiң азаматтары басқа мемлекеттiң азаматтарына қатысты немесе басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыратын;
террорист те және терроризмнiң құрбаны да бiр мемлекеттiң немесе әртүрлi мемлекеттердiң азаматтары болып табылған, бiрақ қылмыс осы мемлекеттердiң аумағынан тыс жерлерде жасалған жағдайда жүзеге асырылатын террористiк iс-әрекет.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы
iс-қимыл туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

3-бап. Терроризмге қарсы iс-қимылдың негiзгi принциптерi
мен мақсаттары

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы iс-қимыл мынадай негiзгi:
1) террористiк қылмыстар жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығына, құқықтарына басымдық беру;
2) заңдылықты сақтау;
2-1) терроризмге қарсы iс-қимыл шараларының террористiк қауiп дәрежесiне мөлшерлес болуы;
3) терроризмнiң алдын алуға басымдық беру;
4) террористiк iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы;
5) профилактикалық, саяси, әлеуметтiк-экономикалық шараларды кешендi пайдалану;
6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға оралымды басшылық етуде дара басқару принциптерiне негiзделедi.
2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы iс-қимыл:
1) террористiк iс-әрекеттi анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, терроризм профилактикасы, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою;
2) жеке адамды, қоғамды және мемлекеттi терроризмнен қорғау;
3) террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға жәрдемдесетiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

2-тарау. Терроризмге қарсы iс-қимылды ұйымдастырудың негiздерi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

4-бап. Терроризмге қарсы iс-қимылдың жалпы мемлекеттiк
жүйесi

1. Мемлекет террористердiң қол сұғушылығынан қауiпсiздiктi қамтамасыз ету субъектiсi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Президентi:
1) терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды;
2) терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметiн, оның iшiнде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткiзу кезiндегi қызметiн қажеттi күштермен, құралдармен және ресурстармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) терроризмнiң алдын алу, терроризмнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi шараларды әзiрлеудi және жүзеге асыруды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
4. Терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
1) өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк органдардың терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметiн үйлестiредi және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қауiпсiздiк жүйесiн күшейту және террористiк қауiп-қатерлердi бейтараптандыруға дайындық жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыруын бақылауды жүзеге асырады;
3) өкiлеттiктерi шегiнде терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
4) Терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi және оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының Президентiне терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiнде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы баяндаманы ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiн террористiк қауiп-қатерлер туралы ағымдық хабардар етудi жүзеге асырады;
6) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң басшыларын террористiк қауiп-қатерлердiң сипаты мен ерекшелiгi туралы хабардар ету, терроризмге қарсы iс-қимыл және терроризмге қарсы қорғаныс жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу, практикалық оқу-жаттығулар өткiзу мен өзге де шараларды iске асыру арқылы олардың терроризмге қарсы қорғаныс деңгейiн арттыруға жәрдемдеседi;
7) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғанысының жай-күйiн және олардың басшыларының осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындауын бақылайды;
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асырушы мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi;
5) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органы.
6. Терроризмдi анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, терроризмнiң профилактикасы, терроризмнiң зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi қызметке өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары қатысады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

5-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы
iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдарының өзара iс-қимылы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде:
1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың көмегiн пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;
2) террористiк iс-әрекетке жататын және осы мемлекеттiк органдардың құзыретiне енгiзiлген әрекеттердiң дайындалу фактiлерi мен белгiлерi туралы хабардар етедi және өзара қажеттi көмек көрсетедi;
3) терроризмге қарсы бiрлескен операцияларды жүргiзедi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

6-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы
iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен
және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара
iс-қимылы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары терроризмге қарсы iс-қимыл саласында шет мемлекеттердiң органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы немесе шет мемлекеттер аумағында жедел-iздестiру шараларын жүргiзедi.
Қазақстан республикасы терроризм актiсiн кiмнiң қай жерде жасағанына қарамастан, террористiк iс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдарының сұратуы бойынша өз аумағынан қуғындайды.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

3-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимылды
жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының құзыретi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

7-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы
iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдарының құзыретi

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының заңдарымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргiзуге, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз етуге қатысады.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған террористiк қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргiзуге, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимiн қамтамасыз етуге қатысады.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын өзге де күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi терроризмге қарсы операцияны жүргiзу кезiнде әуе, су және құрлық кеңiстiгiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысады.
5. Қазақстан Республикасының қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органы терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингiн жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

8-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк
органдарының терроризмге қарсы iс-қимылдағы
құзыретi

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде терроризм актiлерiнiң алдын алу мен жолын кесудiң, тәртiптiк және өзге де шараларын әзiрлеу мен iске асыру, ведомстволық жүйелердiң қажеттi даярлығында террористiк қылмыстардың жасалуына қарсы әрекет етудiң сақтандырушы шараларының жасалуы мен бұл шараларды қолдау, ақша қаражатын, ақпаратты, көлiк және байланыс құралдарын, медициналық жабдықтарды, дәрi-дәрмектердi беру және медициналық қызмет көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы терроризмге қарсы iс-қимылға қатысады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

9-бап. Терроризмге қарсы iс-қимылда Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк органдарына
жәрдемдесудiң мiндеттiлiгi

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға жәрдемдесуге және қажеттi көмек көрсетуге мiндеттi.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актiсi туралы мәлiметтердi терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.
3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актiлерi туралы ақпаратты мемлекеттiк органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшiн терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган сыйақы белгiлейдi және төлейдi.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

4-тарау. Террористiк iс-әрекеттiң алдын алу, анықтау және
жолын кесу

10-бап. Террористiк iс-әрекеттiң алдын алу

1. Қазақстан Республикасының аумағында:
1) терроризмдi насихаттауға;
2) террористiк ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендiрiлген құралымдардың құрылуына, тiркелуiне және жұмыс iстеуiне тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының террористiк iс-әрекетке қатысқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне тыйым салуға құқығы бар.
3. Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң басшылары террористiк iс-әрекеттiң алдын алу мақсатында мынадай:
1) өткiзу режимiн қажеттi дәрежеде ұстау, объектiлердi қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру;
2) персоналды үй-жайларды тексеру техникасына үйрету, жарылғыш құрылғылар орнатылуы мүмкiн орындарды анықтау бойынша жалпы профилактикалық және оқыту iс-шараларын өткiзу;
3) жасалған терроризм актiсi салдарынан туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы қауiп-қатерлердi жою жоспарлары мен пысықталған iс-қимылдардың болуы;
4) объектiнiң ақпараттық желiсiн қорғауды ұйымдастыру, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету талаптарының орындалуы үшiн iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.
Терроризм актiсi жасалған жағдайда террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң басшылары мен қызметкерлерi терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды жасалған терроризм актiсi мен оның зардаптары туралы дереу хабардар етуге және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

11-бап. Террористiк iс-әрекеттi анықтау

1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары террористiк iс-әрекеттi анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзедi.
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, террористiк iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын органдарға хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

12-бап. Терроризм актiсiнiң жолын кесу

1. Терроризм актiсiнiң жолын кесу, террористердi, жарылғыш заттарды зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мақсатында терроризмге қарсы операция жүргiзiледi.
2. Адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды және объектiлердi сақтау, сондай-ақ күш қолданбастан терроризм актiсiнiң жолын кесу мүмкiндiктерiн зерделеу мақсатында террористермен келiссөз жүргiзуге жол берiледi. Келiссөз жүргiзу оралымды штаб басшысы осыған арнайы уәкiлдiк берген адамға тапсырылады.
3. Егер террористiң (террористердiң) терроризм актiсiн тоқтатуға келiспеуi себептi онымен (олармен) келiссөздер мақсатына қол жеткiзiлмесе және адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп-қатер төнiп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористi (террористердi) жою туралы шешiм қабылдауға құқылы.
4. Күзетiлетiн адамға немесе объектiге айқын қауiп-қатер төнгенi анықталған немесе ондай қауiп-қатердi өзге заңды құралдармен жою мүмкiн болмаған жағдайда террорист (террористер) терроризмге қарсы операция басшысының өкiмiмен келiссөз жүргiзiлмей және ескерту жасалмай жойылуы мүмкiн.
5. Мемлекеттiк органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысушы бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адам күшiн, қызметтiк иттердi, әскери және өзге де техниканы, қару мен арнаулы құралдарды қолданады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

12-1-бап. Террористiк ұйымдарды және террористiк қызметтi
жүзеге асырғаны үшiн жауапқа тартылған адамдарды
есепке алу

1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк орган сот шешiмдерiнiң негiзiнде терроризмнiң алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында террористiк ұйымдарды және террористiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн жауапқа тартылған адамдарды есепке алуды жүргiзедi.
2. Сот ұйымды террористiк деп таныған не террористiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн ұйымды тарату арқылы оның қызметiн тоқтата тұрған немесе оған тыйым салған не террористiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн адамдарды жауапқа тартқан кезде "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 56-бабының 1-тармағында көрсетiлген тиiстi органдар ақпараттық есепке алу құжаттарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға дереу жолдауға мiндеттi.
Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.08.28 N 192-IV(2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

13-бап. Оралымды штабтар

1. Терроризмге қарсы iс-қимыл жасау мақсатында республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық тұрақты жұмыс iстейтiн оралымды штабтар құрылады.
2. Терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы республикалық оралымды штабтың басшысы болып табылады.
Терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың басшысы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң бастығы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операция жүргiзу кезiнде оралымды штабтың басшысы болып табылады.
4. Республикалық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың және өз құзыретi шегiнде терроризмге қарсы операциялар жүргiзуге қажеттi көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттiк органдардың басшылары кiредi.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және өз құзыретi шегiнде терроризмге қарсы операция жүргiзуге қажеттi көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттiк органдардың басшылары кiредi.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

13-1-бап. Терроризмге қарсы операцияға басшылық жасау

1. Терроризм актiсiнiң қоғамға қауiп төндiру ауқымы мен дәрежесiне, оның күтiлетiн келеңсiз салдарына қарай терроризмге қарсы операцияға басшылықты республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың басшысы жүзеге асырады.
2. Оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операция басталғаннан бастап ол аяқталғанға дейiн операция басшысы және оны жүргiзуге тартылатын барлық әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi мен мамандарының бастығы болады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операцияға қатысуға тартылатын шет мемлекеттердiң арнайы мақсаттағы бөлiмшелерi мамандарының бастығы болады.
3. Оралымды штабтың басшысы:
1) терроризмге қарсы операцияның жүргiзiлу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын айқындайды, берiлген күштер мен құралдардың қолданылу бағыттары мен шегi туралы шешiм қабылдайды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның өкiлдерiмен байланыста болуға жауапты болатын оралымды штабтың өкiлiн айқындайды;
3) терроризмге қарсы операцияны жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және әскери өкiм (әскери бұйрық) шығарады.
4. Республикалық оралымды штабтың басшысы:
1) терроризм актiсiнiң жасалғандығы туралы немесе оның дайындалып жатқандығы туралы расталған ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесiн, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн дереу хабардар етедi;
2) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiн терроризм актiсiнiң жолын кесуге тарту мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi.
5. Атқаратын қызметiне қарамастан басқа лауазымды адамның терроризмге қарсы операцияның оралымды басшылығына заңсыз араласуына жол берiлмейдi.
Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргiзуге
тартылатын күштер мен құралдар

1. Терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу үшiн оралымды штабтарға терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қажеттi күштерi мен құралдары берiледi.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, қажет болған жағдайларда терроризмге қарсы операцияға қатысу үшiн шет мемлекеттердiң арнайы мақсаттағы бөлiмшелерi тартылуы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi осы Заңға және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша терроризмге қарсы операцияларды жүргiзуге қатысу үшiн тартылады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

15-бап. Терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн
аймақтағы құқықтық режим

1. Оралымды штаб басшысының шешiмi бойынша терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақта оны жүргiзу кезеңiне терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi енгiзiлуi мүмкiн.
2. Терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақта құқықтық режимдi енгiзу туралы шешiм (осындай режим енгiзiлген арнайы аймақты және қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тiзбесiн қоса алғанда) және терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақтағы құқықтық режимдi тоқтату туралы шешiм бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дереу хабарлануға тиiс.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзу кезеңiнде
қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер

1. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы тұлғалардың:
1) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олар болмаған жағдайда - жеке басын анықтау үшiн оларды ұстап, iшкi iстер органдарына немесе басқа мемлекеттiк органдарға жеткiзудi жүзеге асыруға;
2) жеке қарап тексеруге және жеке адамның заттарын қарап тексеруге, көлiк құралдарын, оның iшiнде техникалық құралдарды пайдалана отырып куәгерлердiң қатысуынсыз қарап тексеруге;
3) құқық бұзушылықты немесе терроризмге қарсы операцияға қатысушы адамдардың заңды талаптарына кедергi келтiруге бағытталған өзге де әрекеттi жасаған немесе жасайтын, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағына рұқсатсыз енген немесе енуге әрекет жасауға байланысты әрекетi үшiн адамдарды ұстауға және iшкi iстер органдарына жеткiзуге;
4) жеке адамдарды жергiлiктi жердiң жекелеген учаскелерiнен және объектiлерден кетiруге, көлiк құралдарының, оның iшiнде дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң көлiк құралдарының жол жүрiсiн, оларды сүйреп әкетудi қоса алғанда, шектеуге немесе тыйым салуға;
5) радиоэфир мониторингiн жүргiзу, телефонмен сөйлесудi және телкоммуникациялық жүйелер арналары арқылы берiлетiн өзге де ақпаратты бақылау үшiн, сондай-ақ электрлi байланыс арналары мен почта жөнелтiлiмдерiнде iздестiрудi жүзеге асыру үшiн арнайы байланыс құралдарын қоса алғанда, байланыс құралдарын қызметтiк мақсатта пайдалануға;
6) егер кешеуiлдеу адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруi мүмкiн болса, жедел медициналық жәрдемдi қажет ететiн адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу, терроризм актiсi жасалған жерге бару үшiн, сондай-ақ терроризм актiсiн жасады деп күдiк келтiрiлген адамдардың iзiне түсу және оларды ұстау үшiн көлiк құралдарын (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң көлiк құралдарынан басқа) меншiк иелерiне материалдық зиян келтiрiлген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен өтей отырып, пайдалануға;
7) адам күшiн, қызметтiк иттердi, әскери және өзге де техниканы, қаруды және арнаулы құралдарды террористерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ескертулерсiз және шектеулерсiз қолдануға;
8) егер кешеуiлдеу адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп туғызатын болса, жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе иелiгiндегi және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншiк құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiне кедергiсiз кiруге құқығы бар.
Оралымды штаб басшысы не ол уәкiлеттiк берген адам азаматтардың тұрғын үйiне кiрген жағдайлар туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарлайды.
2. Терроризмге қарсы операцияны жүргiзу аймағында оралымды штаб басшысының шешiмi бойынша мынадай уақытша шектеулер қолданылуы мүмкiн:
1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметiн тоқтата тұру;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметiн көрсетудi тоқтата тұру және (немесе) байланыс желiсi мен құралдарын қолдануды шектеу;
3) қоғамдық тәртiптiң, мемлекеттiк күзетке жататын объектiлердiң, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн және көлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектiлердiң күзетiлуiн күшейту;
4) терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақта тұратын жеке адамдарды уақытша көшiру;
5) карантин енгiзу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық iс-шараларды және өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
6) қарумен, оқ-дәрiлермен, жарылғыш заттармен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрiлiк, есiрткiлiк, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер айналымының айрықша режимiн орнату.
3. Терроризмге қарсы операция жүргiзiлетiн аймақта осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шаралардың бүкiл кешенi мен уақытша шектеулер сияқты жекелеген шаралар мен уақытша шектеулер де белгiленуi (енгiзiлуi) мүмкiн.
4. Терроризмге қарсы операция жүргiзу аймағында бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң болуына және олардың дыбыс жазуды, фото және бейнетүсiрудi жүзеге асыруына оралымды штаб басшысының рұқсатымен ғана жол берiледi.
5. Терроризмге қарсы операция жүргiзуге қатысушы адамдардың операция басталған кезден бастап ол аяқталған кезге дейiнгi iс-қимылы қажеттi қорғаныс жағдайында немесе аса қажеттi жағдайда жасалатын iс-қимыл деп есептеледi.
Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

5-тарау. Терроризм актiсi салдарынан зардап шеккен адамдардың
залалдарын өтеу және оларды әлеуметтiк жағынан оңалту

16-бап. Терроризм актiсi салдарынан келтiрiлген
залалды өтеу

Терроризм актiсi салдарынан келтiрiлген залалды өтеу бюджет қаражаты есебiнен, кейiн сол соманы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтеткiзу арқылы жүргiзiледi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

17-бап. Терроризм актiсiнен зардап шеккен адамдарды
әлеуметтiк оңалту

Терроризм актiсiнен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тегiн қажеттi құқықтық көмектi, психологиялық және медициналық оңалтуды қамтиды.

18-бап. Терроризмге қарсы iс-қимылға қатысушы адамдарды
қорғау

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимылда көмек көрсететiн адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда, олардың өтiнiштерi бойынша келбетiн, тегiн, атын және әкесiнiң атын, сондай-ақ жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн осы органдарды ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен өзгертудi жүзеге асыруға болады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.08 № 266-IVЗаңымен.

19-бап. Террористi келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан
босату

Терроризмге қарсы операция жүргiзу кезiнде осы Заңда белгiленген негiзде және шектерде террористiң денсаулығы мен мүлкiне, сондай-ақ өзге де құқықпен қорғалатын мүдделерiне лажсыз зиян келтiруге жол берiледi. Бұл орайда терроризмге қарсы iс-қимылға қатысушы әскери қызметшiлер, мамандар және басқа адамдар терроризмге қарсы операция жүргiзу кезiнде келтiрiлген зиян үшiн немесе террористi жою туралы шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықтан босатылады.