Біз біргеміз, қайырымдылық жасайық! » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Біз біргеміз, қайырымдылық жасайық!
13
апрель
2020

Біз біргеміз, қайырымдылық жасайық!

#Талғараудандықбілімбөлімі
Талғар ауданы, Еламан ауылы #41 орта мектебінің ұстаздары оқушыларға білім беруде елеулі еңбек етуде. Олар қашықтан оқыту кезінде шәкірттері интернет желісінде кедергісіз білім алуы үшін ұялы телефондарына бірліктерін салып беріп, үйлеріне интернет орнатып, ұялы телефон алып беріп көмек қолдарын созуда.Атап айтар болсақ 3в сынып жетекшісі, Ира Мухтарханова ,5ә сынып жетекшісі Арғынбаева Балнур, 0а сынып жетекшісі Жапаш Айда бір отбасына 8500 теңгеге интернет модемін қойып берді. 3б сынып жетекшісі Куралай Итембаева және сол сыныптың ата -аналары жұмылып сыныптарындағы жартылай жетім бір оқушыға ұялы телефон алып берді. 7ә сынып жетекшісі Патима Асанова бір оқушысының телефонына 2000 бірлік салып берді. 4ә сынып жетекшісі Зира Рыскулбекова бір оқушысына үйіндегі теледидарды апарып берді. Сыныптарындағы оқушыларының жай күйіне бей - жай қарамай, жіті көңіл бөліп, әрқашан көмек қолдарын созып, көмектесуге дайын тұратын ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.
#бізбіргеміз
Біз біргеміз, қайырымдылық жасайық!
Теги:
мектеп