Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
12
апрель
2022

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз


Мектебімізде «Жемқорлық саяси әлеуеттік қиын құбылыс» тақырыбында сыныптар арасында онлаин сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарын мақсаты Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға , сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу туралы мәлімет.Оқушылармен қызу талқыға түскен мәселелер «Сыбайлас жемқорлық деген не?» , «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «  Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады?» деген тақырыптарда онлаин пікір алмасулар әңгімелер өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

 Осы іс –шараға байланысты 6 «Ә» сынып жетекшісі Аргынбаева Балнура «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» ,11 а сынып жетекшісі Әлімғазы Ермек «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем» тақырыбында бейнероликтер түсіріп мектебіміздің әлеуметтік желілерінде жарияланды.