Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілу уақыты » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілу уақыты
07
апрель
2021

Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілу уақыты

🔰 Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ағымдағы жылы алғаш рет электрондық форматта 15 сәуір - 30 маусым аралығында өткізіледі.
🔰 ҰБТ электронды нысанда өтуінің артықшылықтары:
✅ тестілеу күнін өз бетінше таңдау;
✅ тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады;
✅ тапсырмаларды кез-келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ тестілеу аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жауаптарды түзетуге болады. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестелері қолжетімді болады;
✅ тестілеудің 60 минутынан кейін оқушыларға көзге арналған және дене жаттығуларын орындау үшін екі минуттық үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс беріледі.
✅ тестіленуші енгізілген жеке ақпаратын, тапсыру тілін, пәндерін өзгерте алады;
✅ ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады.;
✅ тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады;
✅ тестілеу үнемі бейнебақылауда болады.
Теги:
мектеп