Мен қазақша сөйлеймін » №41-орта мектебі
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(705)5385480
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Мен қазақша сөйлеймін
18
май
2021

Мен қазақша сөйлеймін

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өткізіледі.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

1. АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:
- қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу;
- қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту;
- қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
2. Акцияға қатысатын үміткер акция талабы бойынша өздері таңдаған ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен (Facebook. Instagram. YouTube) кеңінен таратуы тиіс. Лучшийтер әлеуметтік желілердегі лүпіл, яғни «лайк» саны бойынша анықталады. Қатысушылар санына шектеу қойылмайды. Жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе аудан атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, түсірілген бейнежазбаны Almaty Oblysy Til Basqarmasy және Талғар Ауданы Мәдениет Бөлімі (Facebook), tilbasqarmasy_almobl және kultura_talgar (Instagram) аккаунтын белгілеулері тиіс.
3. Байқауға ауданның этнос өкілдері қатысады.

2. АКЦИЯНЫҢ ТАЛАПТАРЫ:
Акция 5 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең
5-8 сыныптың оқушылары үшін акция 2021 жылы 5 мамыр 3 маусым аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Инстаграм әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы қажет.

Екінші кезең
9-10 сынып оқушылары үшін акция 2021 жылы 3 маусым 2 шілде аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Фейсбук әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратады.

Үшінші кезең
Жоғары оқу орындарының студенттері арасында акция 2021 жылы 5 шілде 5 тамыз аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің бір
13 ч.
Теги:
жоба