«XXI ғасыр көшбасшысы» » №41-орта мектебі
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(705)5385480
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «XXI ғасыр көшбасшысы»
22
апрель
2022

«XXI ғасыр көшбасшысы»




22.04.2022 күні 9 сыныптар арасында  Мұратбеков Ғалымбек «XXI ғасыр көшбасшысы» сайысы болып өтті.

Мақсаты: 1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету. 

2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту. 

3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.


Сайысқа 9 а,ә,б сыныптарынан 9 оқушы қатысты.  Мектепте оқытылатын пәндерден түрлі сұрақтар қойылып пән аралық байланыс болды.Сайыс үш кезеңнен тұрды.Бірінші кезең Бәйге сайысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2оқушы сайыстан шығарылды. Екінші кезең Жорға сайысында оқушылар үлестірме қағаздар арқылы арқайсысы 8 сұрақтан тұратын сұрақтарға жауап беріп,әділ қазы алқаларының шешімімен 4 оқушы сайыстан шығарылды. Лучший деп танылған 3 оқушы 3 кезең бойынша сайысқа түсті.Бұл кезеңде оқушылар түрлі салаға кездесетін сұрақтарға жауап берді.Сайыс соңында 9 а сынып оқуышысы Айсан Еңлік оза шығып 1орынға ие болды. Екінші орынды Успанова Мариям иеленсе үшінші орынды Рысбаева Асем жеңіп алды. Сайыс өте тартысты болды. Оқушылар белсене қатысып ой өрістерінің кең екенің білімді, жан-жақты екендерін дәлелдеді.

Похожие публикации:

06 апрель 2022 "Lesson Study"
11 апрель 2022 ЕНТ
05 апрель 2022 Питание