"Жас ұландар – мақтанышы елімнің!" » №41-орта мектебі
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(705)5385480
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Жас ұландар – мақтанышы елімнің!"
06
май
2022

"Жас ұландар – мақтанышы елімнің!"







Қазақстан халқы 7-мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өтуде. Бұл күні республиканың түкпір-түкпірінде түрлі әскери-патриоттық шаралар өтеді. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Солардың бірі ел аумағы мен оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі болып табылады. Бұл күн – елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Осыған орай, ел тұрғындары барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтайды.
Осы айтулы күнге орай 4 "в" сыныбында "Жас ұландар – мақтанышы елімнің!" атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.