14
июнь
2022
"Балдәурен" жазғы лагерь
Жазғы мезгілде балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Жаз айларына арналған іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Бірінші маусым жоспары бойынша: «Бақытты балалық шақ», «Алақай жаз келді», «Көңілді старт» спорттық ойын сауық, «Тас жолда сурет салу» көрмесі, «Ертегілер еліне саяхат» шаралары өткізіліп балалар үшін қызықты болды. Жаз мезгілінде сауықтыру және шынықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік көп. Ойындар мен спорттық жарыстар барысында ойынға қатысушылар өз ептіліктерін және мықтылықтарын көрсетіп балалар іс-шараға белсене қатысты.