“ Табиғат көркі−ағаш ” » №41-орта мектебі
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(705)5385480
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » “ Табиғат көркі−ағаш ”
30
март
2022

“ Табиғат көркі−ағаш ”



“ Табиғат көркі−ағаш ” қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу−маңызды істердің бірі. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат− анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Егілген ағаштың, әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендейді.Әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты іс. Ағаштың экологиялық мәселені, ғаламдық жылынуды реттеуде және топырақты бекітуде де маңызы зор екендігі баршамызға аян. 
 Қоршаған ортаның жақсаруына, мектебіміздің көгалдандыруға өз үлестерін тигізу үшін, наурыз айының 30 күні мекте ұжымы мектеп айналасына түрлі жеміс ағаштарын отырғызды. Ағаш отырғызуға тек ұжым ғана емес оқушылар  да өз үлестерін қосты.Осындай игі шараларымыз көбейе берсін!

Похожие публикации:

06 декабрь 2021 "Жас қыран"
23 февраль 2021 «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"