«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» » №41-орта мектебі
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(705)5385480
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ»
02
февраль
2022

«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ»



Балалардың өмірінің қауіпсіздігін, балалар құқығын қорғау мақсатында «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 1-11 сыныптар  арасында   тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылық жайлы не білеміз?» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Онда оқушыларға зорлық-зомбылықтың зиянды жақтары мен қауіптілігі туралы педагогикалық-психологиялық тұрғыда түсініктер берілді. Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап берді.  Мектеп инспекторымен кездесу өткізілді. Онда оқушыларға өмірде кездесетін түрлі қауіп-қатерлерден сақтану, алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді. Алдағы уақытта, әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!», «Жасөспірім», «Көше» тақырыптарында рейдтер ұйымдастыру жоспарланды. Сынып жетекшілер оқушылардың әлеуметтік жағдайын және сабаққа қатысуын қадағалау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейдтік жұмыстарға Талғар ауданының ішкі істер басқармасының жасөспірімдер инспекторы полиция капитаны, мектеп инспекторы Ж.М.Нусупбеков  қатысып отырды.

      Мектепте оқушылар арасында құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жасалған, жұмыстар өз уақытында атқарылып отырды.