Бірінші сыныптарға қабылдау » №41-орта мектебі
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(705)5385480
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Бірінші сыныптарға қабылдау
02
март
2021

Бірінші сыныптарға қабылдау

Бірінші сыныптарға қабылдау


Құрметті ата-аналар!

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа қабылдау басталды.

1 сыныпқа қабылдау үшін өтінішті «E-gov» электрондық порталы арқылы электронды форматта беруге болады, Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі арқылы egov.kz, сондай-ақ қағаз слабовидящихнда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

Государственные услугиді автоматтандырудың басты артықшылығы мектепке бару қажеттілігінің болмауы және бірінші сыныпқа электронды форматта өтініш беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 сәуірден 30 тамызға дейін.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар.

Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей:

Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
3 см-де 4 см 2 фотосурет.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде оқу орнының басшылығы түсушілер мен олардың ата-аналарын қабылдау ережелерімен, жарғы мен оқу үрдісін реттеуші өзге де құжаттармен таныстыруы қажет.

Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде (мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа) емтихан, тестілеу, сынақтар, байқау жүргізілмейді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған және мектеп алды дайындықтан өтпеген балалар үшін, оқу жылының басына дейін дайындық курстары ұйымдастырылады. Мектеп алды дайындық міндетті түрде. Оны бірінші сыныпқа баратын барлық балалар қамтуы тиіс. Бұл мектеп алды сынып, балабақшадағы дайындық сабақтары немесе қысқа мерзімдік курстар болуы мүмкін
Теги:
мектеп