Жазғы мектептің ұйымдастырылуы » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы мектептің ұйымдастырылуы
26
май
2021

Жазғы мектептің ұйымдастырылуы

2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру

жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында әзірленді.

2. Жазғы мектеп орта білім беру ұйымының базасында 2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында барлық ниет білдірген білім алушылар үшін жұмыс істейді.

3. Осы Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта берілген.



2-тарау. Жазғы мектептің жұмысын ұйымдастыру



4. Жазғы мектепте оқыту:

– барлық білім алушылардың қалауы бойынша;

– оқу жылы бойы қашықтықтан/аралас форматта оқыған 6, 7, 8, 10-сыныптардың білім алушылары;

– оқу жылы бойы қашықтықтан оқыған 1-5-сыныптардың білім алушылары;

– 9-сынып бітірушілерінің қалауы бойынша.

Жазғы мектептегі сабақтар қашықтан білім алған білім алушылар үшін ерекше маңызды.

Оқу жылы ішінде 300-ге дейін білім алушы контингенті бар мектептерде және кезекші сыныптарда штаттық форматта оқыған барлық тілек білдірген білім алушылар үшін жазғы мектепте оқыту қосымша ұсынылады.

Жазғы мектеп жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді (күрделі тақырыптарды) игеруге көмектесу маңызды.

5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектепті сапалы ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.

6. Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі.

Оқу жұмыс жоспарын педагогтер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасайды («Оқу пәндері бойынша ұсынылған тақырыптар» қосымшасы).

7. Жазғы мектептердің топтары/сыныптары оқу жылы ішінде педагогтер анықтаған білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

8. Кесте құрылған топтарды / сыныптарды ескере отырып жасалады.

9. Жұмыстың нысандары мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.

10. Орта білім беру ұйымы ауысымдар бойынша білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке консультацияларды дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылады.

11. Жазғы мектеп білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.

12. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.

13. Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

14. Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек.

15. Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.

16. Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдау, оларды дәлелдеу, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға бағытталуы тиіс.

17. Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі нашар білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсету ұсынылады. Қажет болған жағдайда жеке сараланған тапсырмалар әзірлеу керек.

18. Сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін (жобалар әдісі, пікірталас, ойын, іздеу әдістері) қолдануға, таза ауада сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған жағдаяттық міндеттерді пайдалану ұсынылады.

19. Сабақ өткізу кезінде педагог:

– балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аударуы және оқуға қолдау көрсетуі;

– сабақта білім алушылардың шамадан тыс жүктемесіне жол бермеуі;

– қажет болған жағдайда, физикалық жаттығулар жасау.

20. Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.

21. Топтардағы/ сыныптардағы толымдылық – 25 адамнан аспауы тиіс. Топтармен сабақтар өткізуге рұқсат етіледі.

22. Оқу пәндері бойынша сабақтың ұзақтығы – 40 минут, күніне 3-4 сабақ.

23. Оқу процесін жүзеге асыру үшін волонтер студенттерді тартуға рұқсат етіледі.

24. Оқу жылында болмаған жазғы демалыс алдында мектептің офлайн атмосферасын ұсыну өте маңызды.

25. Негізгі пәндер бойынша сабақтар оқу жылының ең маңызды тақырыптарын қамтиды.

26. Кестеге балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқуды қосу ұсынылады. Кітаптарды топтық талқылау, түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

27. Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлері: волейбол, футбол, баскетбол және т.б. бойынша сабақтар ұйымдастырады.

28. Педагог-психологтер психологиялық тренингтер ұйымдастырады, сынып жетекшілері, тәрбиешілер түрлі дамытушы тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.

29. Сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық, тиімді, функционалды идеяларды жүзеге асыру үшін балаларды (міндетті түрде бір сыныптан емес, жалпы қызығушылықтарына қарай) жобалық жұмысқа тарту ұсынылады.

30. Күннің соңында қызығушылықтар бойынша ойындар, фильмдерді бірлесіп қарау, жобаларды талқылау және т.б. өткізіледі.



3-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету



31. Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде төмендегі шараларды сақтау қажет:

– санитариялық-эпидемиологиялық режимді (оның ішінде бетперде кию) және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету;

– білім алушылардың жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе керек-жарақтары және т.б.) пайдалануы;

– медицина қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың температурасын күнделікті өлшеуі;

– барлық үй-жайларды желдету, кварцтау;

– қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;

– дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;

– орта білім беру ұйымдарын заттарды, кабинеттерді, рекреацияларды, холлдарды және басқа да үй-жайларды өңдеу үшін дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

– сапалы сумен жабдықтау, қол жуу құралдарымен жууға жағдай жасау;

– күнделікті температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулауға, сыныптағы балалардың жағдайын бақылауға арналған медициналық кабинеттердің жұмыс істеуі;

– жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын сақтай отырып, кесте бойынша ұйымдастырылады.

Ауру анықталған, науқастармен қарым-қатынас жасалған, сыныптар/мектептер карантинге жабылған жағдайларда білім беру ұйымдары санитариялық қауіпсіздік органдары қоятын жалпы талаптарды басшылыққа алады.



4-тарау. Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары



32. Орта білім беру ұйымының басшысы:

– мектеп түрін (лицей, гимназия, жалпы білім беретін мектеп) ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жазғы мектептің қызметін үйлестіреді;

– жазғы мектептің тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын бөледі;

– оқу процесін ұйымдастыру және санитарлық норма ережелерін сақтау бойынша әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен нұсқаулық жүргізеді;

– жазғы мектептің жұмысын бақылайды.

33. Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары:

– барлық тілек білдірген білім алушылардың ата-аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды;

– оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижесі бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады;

– оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушыларға білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін құрылған топтарды немесе сыныптарды ескере отырып, сабақ кестесін жасайды;

– педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау мен санын талқылауды ұйымдастырады;

– педагогтер, психологтар, оның ішінде волонтер студенттер үшін консультациялар ұйымдастырады;

– бекітілген жұмыс жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастырады;

– білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және педагогтердің жұмысына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;

- білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау үшін жазғы мектеп жұмысының нәтижелері бойынша салыстырмалы талдамалық анықтама дайындайды.

34. Педагогтер:

– жыл бойы оқу жетістіктерінің нәтижелеріне талдау жүргізеді, білім алушылардың пәндік білім деңгейіне диагностика жүргізеді және қорытындысы бойынша білім алушылардың сараланған топтарын/ сыныптарын қалыптастырады;

– білім алушылардың және олардың ата-аналарының/заңды өкілдерінің назарына баланың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратты және білімдегі олқылықтарды жою бойынша жазғы мектептің жұмыс жоспарын жеткізеді;

– білімдегі олқылықтарды ескере отырып, оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;

– құпиялылық режимінен шыққан PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқу материалын бекіту үшін) пайдалана отырып, бекітілген жоспар мен кестені ескеріп, оқу процесін іске асырады;

– жазғы мектепте сабаққа қатысу есебін өз бетінше жүргізеді;

– білім алушылар үшін жеке консультациялар өткізеді;

– білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша өз пәні бойынша жазғы мектепті аяқтау қорытындылары бойынша салыстырмалы талдау жүргізеді, ол келесі оқу жылында оқу процесін құру үшін негіз болады.

35. Мектеп психологтері

– білім алушыларды психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді;

– білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді;

– психологиялық тренингтер өткізеді.

36. Медицина қызметкерлері:

– жазғы мектеп жағдайында санитариялық-эпидемиологиялық режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;

– күн сайын білім беру процесіне қатысушылардың температурасын өлшейді;

– желдетуді бақылайды және бөлмелерді кварцтайды;

– оқушылардың жеке гигиенаны сақтауын бақылайды;

– күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулау, білім алушылардың жағдайын бақылау үшін медициналық кабинеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

– жазғы мектептегі тамақтану сапасын және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын бақылайды;

– қажет болған жағдайда жазғы мектеп жағдайында дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетеді.

37. Ата-аналар/заңды өкілдер:

Баланың жазғы мектептегі сабақтарына қатысуын қамтамасыз етеді.

баланы жазғы мектепте оқу үшін барлық қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.




Қосымша



Оқу пәндері бойынша ұсынылған тақырыптар



Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін



САУАТ АШУ 1 сынып , ҚАЗАҚ ТІЛІ (2-4 СЫНЫПТАР)



Оқу пәні

Сынып

Оқу бағдарламасы бойынша

тақырыптар саны

Оның ішінде күрделі тақырыптар

Сауат ашу

1

198

24

Қазақ тілі

2

136

15

Қазақ тілі

3

136

18

Қазақ тілі

4

136

18



САУАТ АШУ

1 сынып

Айтылым: Дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес айту;

Иллюстрация бойынша сұрақтар қоя білу;

Мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау, этикет сөздерді қолдана білу;

Оқылым: Оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру;

Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;

Мәтіннің тақырыбы мен иллюстрация бойынша болжау жасау;

Жазылым: Әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз;

Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау.



ҚАЗАҚ ТІЛІ (2-4 СЫНЫПТАР)

2 сынып

«Өзім туралы», «Менің туған өлкем», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті», «Қоршаған орта» бөлімі»

Айтылым:

тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
– интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? ) назарын аударту;

– мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

Жазылым:

Пән бойынша 2-сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстарының көлемі:

1) сөздік диктант – 6-8 сөз;

2) диктант – 25-30 сөз;

3) мазмұндама – 40-60 сөз;

4) шығарма – 25-35 сөз.

– у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу;

– дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және емлесін сақтап жазу;

– дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу;

– сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу;

– көптік жалғауларын дұрыс қолдану;

– мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату;

– сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату;

– дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау;

– мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру;

–каллиграмма құрастыру, жазу;

Оқылым:

айтылу мақсатына қарай сөйлемнің интонациясын (хабарлы, лепті, сұраулы) сақтап оқу;
– сөздердің мағынасын (синоним, антоним, омоним) ажырату, сөздік қорын байыту;

дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу;
3 сынып

Жазылым: Пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтап жазу;

Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату; Сөйлем мүшелеріне талдау, сұрақтар қойып анықтау;

Айтылым: Мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру;

Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратау,сөйлеу барысында қолдану;

Оқылым: Мəтін түрлерін (əңгімелеу, сипаттау, пайымдау) жəне оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

Мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру;

4 сынып

«Менің Отаным-Қазақстан», «Құндылықтар», «Мәдени мұра», «Мамандықтар әлемі», «Табиғат құбылыстары», «Қоршаған ортаны қорғау», «Болашаққа саяхат» бөлімдері бойынша;

Айтылым:

– мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау;

– мәтін түрлерін (әңгімелеу/ сипаттау/пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау;

– мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру;

– мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау;

– зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу;

– сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу;

Жазылым:

– мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу;

– берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу;

– оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу;

– оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу;

– тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазу.

– сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату;

– дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау;

Оқылым:

– дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау;

мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау.


ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ (2-4 СЫНЫПТАР)



Оқу пәні

Сынып

Оқу бағдарламасы бойынша

тақырыптар саны

Оның ішінде күрделі тақырыптар

Әдебиеттік оқу

1

56

26

Әдебиеттік оқу

2

102

12

Әдебиеттік оқу

3

102

12

Әдебиеттік оқу

4

102

12



2 сынып

«Өзім туралы», «Менің туған өлкем», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті», «Қоршаған орта» бөлімі

Оқылым:

– мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

– шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу,

Жазылым:

– мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету;

– мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру,

– шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну;

– мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру;

Айтылым:

– кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;

– күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу;

– тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;

– өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

– мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру;

– сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану,

– шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

– шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау;

Тыңдалым:

– аудио, видио мағлұматтарды тыңдау;

– шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;

– мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.

3-сынып

Жазылым: Шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;

Сұрақтар қою және жауап беру;

Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізу.

Айтылым:Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолдану;

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

Оқылым: Әдеби шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтау;

Кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез- құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалау;

Шығарманың мазмұнын өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау.

4 сынып

«Менің Отаным-Қазақстан», «Құндылықтар», «Мәдени мұра», «Мамандықтар әлемі», «Табиғат құбылыстары», «Қоршаған ортаны қорғау», «Болашаққа саяхат» бөлімдері бойынша

Оқылым:

– мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

– шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу,

Жазылым:

– көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру;

– мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету;

– оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру,

– мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру;

Айтылым:

– сөйлеу барысында иллюстрациялар,көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау;

– шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану;

– мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау;

– шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша, толық, ішінара мазмұндау;

– шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру;

– сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді,өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету;
Тыңдалым:

– аудио, видио мағлұматтарды тыңдау;

– шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;

– мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.
Теги:
мектеп