31 мамыр - оқу жылының соңғы сабағы өтетін күн » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 31 мамыр - оқу жылының соңғы сабағы өтетін күн
31
май
2023

31 мамыр - оқу жылының соңғы сабағы өтетін күн

    31 мамыр  күні  бекітілген кестеге сәйкес барлық сыныптарда тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Әр сыныптың тәрбие сағатына мектеп әкімшілігі бөлініп қатысты. 1-4 сыныптарға "Отан - отбасынан басталады", "Тарихты білу- парызың", "Ұлы тұлғалар ұмытылмайды",  5-8 сыныптарға "Отбасы - Отан тірегі", "Тарихты білу - парызың", "Ұлы тұлғалар ұмытылмайды", 9-11сыныптарға "Отбасы - тәрбие бесігі", "Алаш зиялылары", "Патриотизм - ұлттық рухтың асқақ белгісі" атты тақырыптар ұсынылды. 

Сынып сағатының мақсаты - оқу жылының қорытындысын шығару, жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу. Сынып сағаттарында негізінен патриотизм ,отанды сүю,достық , татулық, ел тарихына , саяси репрессия мен аштық  құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылды. Сонымен қатар , дәстүр бойынша сынып жетекші сынып сағатында жазғы демалыс кезінде оқу үшін кітаптар ,қарауға болатын фильдер тізімін ұсынды. Сондай - ақ мектеп жанындағы жазғы алаң  және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру жолдары айтылды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теги:
1