"Lesson Study" » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2022

"Lesson Study"




Сыныптағы және ұжымдық  іс-әрекеттегі зерттеулер – сыныпты және мұғалімнің өзін және шәкірттерін жете тануына, мақсат қоя жұмыстану арқылы кәсіби жетілуіне бағыт сілтейтін құралдар десек болады. Білім сапасы – басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атап көрсетуге болады. Сондай тәсілдердің бірі - білім кеңістігінде  кеңінен танымал  жапондық  Lesson Study тәсілі.  Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Біздің мектебімізде ұсынғалы отырған педагогикалық ұсынымның мақсаты –мектептегі, сыныптағы білім сапасын арттыру, сабақ процесін жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімдісін анықтауға бағытталған Lesson Study зерттеуін жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету бағытында «Мектепте Lesson Study-ді қалай өткізуге болады?» атты коучинг  өтті. Мектебіміздің білікті мамандарынан шағын топтар құрылып,жұмыс жоспары талқыланды.Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан — жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл «Lesson study»  туралы білуге, тәжірибе алмасу бағытында жұмыс жүргізілуде. Мұғалімдеріміз де Lesson Study тәсілін сабақтарында пайдаланып, оқушыларды зерттеп қпнп қоймай, өз тәжірибелерін де ортаға салуда