Хабарландыру! 1 сыныпқа қабылдау! » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Хабарландыру! 1 сыныпқа қабылдау!
14
март
2023

Хабарландыру! 1 сыныпқа қабылдау!

 

 Құрметті бірінші сынып оқушыларының ата - аналары.Өздеріңіз білетіндей ,2023 жылы балаларды мектепке қабылдау  ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.  1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар ,31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар  да бірінші сыныпқа бара алады.  Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Қандай құжаттар қажет?

-Ата -ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)

-Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)

-Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)

-Егу паспорты (065/у нысаны)

-Баланың суреті (3*4 өлшемді)

Теги:
1