05.01 2023 №3 педагогикалық кеңес. ыстық тамақ Оқушылардың тамақтануын бақылау қортындысы » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 05.01 2023 №3 педагогикалық кеңес. ыстық тамақ Оқушылардың тамақтануын бақылау қортындысы
05
январь
2024

05.01 2023 №3 педагогикалық кеңес. ыстық тамақ Оқушылардың тамақтануын бақылау қортындысы

Оқушылардың жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан ыстық тамақпен қамтылуы.

Мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын, «Алматы облысы білім басқармасының Талғар  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрығын басшылыққа ала отырып мектепішілк бұйрық шығарылды. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес құжаттар жинақталып, журналға толтырылды. Сонымен қатар, мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.

2-тоқсан бойынша ыстық тамақ ішкен оқушылардың саны  486 ні құрады. Оның ішінде:

1-4 сынып оқушыларының саны – 366;

5-11сынып оқушыларының саны – 120 оқушы.

Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.)  бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары  бар.

 

Шешім:

  1. Оқушылардың жаңа жылдық сыйлықпен қамтылуы туралы ақпараттар әлеуметтік желілерге жариялансын.
  2. Әр түрлі әлеуметтік санаттан шыққан оқушыларға қажет болған жағдайда көмек көрсету жалғасын тапсын.
  3. Мектеп оқушыларының сапалы ыстық тамақпен қамту мақсатында комиссия тексерісі уақытылы жүргізілсін.

 

 

 

 

Теги:
1