1 сыныпқа құжаттарды қабылдау » №41-орта мектебі
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(705)5385480
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау
12
апрель
2022

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары
2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамызаралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
- ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
- туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
- баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
- егу паспорты (065/у нысаны)
- баланың суреті (3*4 өлшемді)
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша жергілікті білім басқармасына хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады