Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары » №41-орта мектебі
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(705)5385480
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
28
сентябрь
2022

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

   Бірінші сыныпқа балалардың  құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

   Айта кету керек,баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса ,барлық бала қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата - аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.

  Мектепке құжаттар "электрондық үкімет " веб - порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі. 

Ережеге сәйкес 1- сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер ,содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады. 

  Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.

  Ата - аналар электорнды форматта өтініш,туу туралы куәлік көшірмесін,баланың денсаулығы паспорты,денсаулық жағдайы туралы №063/унысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады. 

  1.Бастауыш,негізгі орта ,жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ,білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау.

  2.Бастауыш,негізгі орта ,жалпы орта білім беру  ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау.

3.Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар  мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.

4.Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру.

5.Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру.

6."Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызметкөрсету қағидалары.

Теги:
1