1 қыркүйек Білім күні "Мектебім - мейірім мекені"
2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің ұйғарымымен «Білім күні» 1 қыркүйекте, мектептің 1,11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара форматында өткізілді .
Салтанатты шараның мақсаты:жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Іс-шара барысында саптық жиын әнұранмен басталып, 1-сынып бүлдіршіндерін мектеп табалдырығына қабылдау рәсімі өткізіліп, мектеп директоры З.Айтбаева сөз сөйледі. Мектептегі түрлі іс-шаралар былтырғы жылға қорытынды анықтама оқылып, биылғы жылдың жоспарлары таныстырылды .Сонымен қатар ата-аналар құттықтауы болды. Салтанатты жиында 1сынып оқушыларының құттықтаулары мен өлеңдері оқылып, мектеп оқушылары мерекелік түрлі ән шашуларын орындады. Іш шара соңында 1,11 сынып оқушылары күнбірлете алғашқы қоңырауын соқты.
Өткізілген іс – шара фото суреттері мектептің әлеуметтік желі парақшасына салынды.