Мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы » №41-орта мектебі
Almaty region
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(705)5385480
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
09
September
2024

Мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы

 

 

 «Мектеп жасына дейінгі  шағын орталығы бар  №41 жалпы білім беретін орта  мектебі » Education Department of Kerbulak districtнің

Жалпы ата- аналар жиналысы

Мектеп асханасының жұмысы туралы және  оқушыларға тегін  тамақтандыру жұмыстарының   ұйымдастырылуы жайлы

Анықтама

         Мектеп асханасының  жалпы көлемі 348,6 кв,  симдылығы 104 орындық. Күнделікті  асханада  мектеп оқушыларының 95% тамақтанады.

    2024-2025 оқу жылының қыркүйек   айынан бастап 1-4 сынып бойынша  толық  оқушы, жалпы оқу қоры есебінен  5-11 сынып бойынша  130 оқушыға сұраныс берілген, барлық оқушы Талғар  аудандық санитарлық эпидемиологиялық  орталығының бекіткен ас мәзірімен тегін тамақтану ұсынылды. Оқушылардың тамақтануын «ИП БУТУКУЛОВА П.Т  жүзеге асырады. 1 ауысымда  169 оқушы, 2 ауысымда  346 оқушы тамақтанады.  Асхана бұрышында  күнделікті және перспективтік ас мәзірі, мектеп әкімшілігі тарапынан және сынып жетекшілерінен кезекшілік кестесі жасалған. 1- 2 ауысымда 1-4 сынып оқушылары  3 -кезеңге бөлініп тамақтандырылады.

     1-4 сынып оқушылары толық ыстық тамақпен қамтылатыны туралы ата – аналарға хабарланып айтылды, сонымен қатар тамақтану жайлы ақпарттар мектептің мектептің әлеуметтік сайтына  жарияланды.

     Мектептің асханасының жұмысы талапқа сай ұйымдастырылған және  жабдықталған. Технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық -техникалық базасы жақсы деңгейде. Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр.  Асханада қызметкерлер санын көбейтіледі. Аспаздың кәсіптік білімі бар. Асханада барлығы 8 адам жұмыс істейді. 2 аспазшы, 1 пекарь және 6 асхана қызметкері бар. Азық – түлікті қабылдау актісі дер кезінде  жазылады. Тегін  ыстық тамақтың сапасын  бақылау мониторингісі үнемі дұрыс жүргізілуі үшін арнайы бракераж комиссиясын құру туралы бұйрық шығарылып,  жұмыстар жүргізіліп отырады. Бракеражды комиссия құрамы төмендегідей 7  адамнан құралған:

З.Е.Айтбаева  – директор, комиссия төрайымы.                                                                                                                     Г.Талипова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары , мүшесі

А .Сайлау – мектеп медбикесі, мүшесі                                                                       Л.Ахметова  – қамқоршылық кеңесінің төрайымы

М.Өтеген  – кәсіподақ ұйымының мүшесі

А. Әбітаева – әлеуметтік педагог

Ата- ана: Асылбекова Қарлығаш

 

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның міндеттері:

- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;

- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;

- өнімдерді өткізу мерзімдерін;

- тамақ дайындау сапасын;

- тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;

- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.

           Азық – түлік қоятын қойманың және асхананың  тазалығы санитарлық талапқа сай. Тәуліктік  тамақ сынамалары тоңазытқышта сақталынады.

 

 

Әлеуметтік педагог:             Әбітаева А

 

Теги:
1