Мектеп тарихы
Еламан ауылында 2005 жылға дейін мектеп болған жоқ.2005 жылы ауылымыздағы "Дастан" шаруа қожалығының бастығы Қитаров Кенхан аға (марқұм) өзінің кеңсе үшін деп салынған жеке ғимаратын мектеп үшін пайдалануға берді. Мектеп 4 жылдық бастауыш сыныптар үшін ашылды. Мектеп директоры болып Мырзалимова Алия Адильжановна тағайындалды.
2008 жылы мектепте 50 балаға арналған кіші орталық ашылды.
2009 жылдың Наурыз айынан бастап мектеп "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 41 жалпы
білім беретін бастауыш мектеп Мемлекеттік мекемесі болып құрылды.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап "мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №41 жалпы білім беретін бастауыш мектеп Мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып ауыстырылды.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №41 жалпы білім беретін орта мектебі" Мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып ауыстырылды. Мектеп директоры болып Кунсакалова Жанаргүл Баймажиевна тағайындалды.
Оқыту тілі – қазақ тілі
Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс ,шетел (ағылшын, неміс) және басқа да тілдерді меңгеру;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі ;
8) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
9) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
10) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
11) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау;
17.Мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары шегінде тегін жалпы орта білім алу құқығы мен мүмкіндігін береді.
18. Мектеп ҚР Үкіметі бекіткен стандарттарға және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді
19. Білім беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бюджет қаражаты есебінен көрсететін қызметтер тегін көрсетіледі.
20. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік білім беру мекемелеріне білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.
21.Оқу процесін ұйымдастыру, басқару ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады;
22. Оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің Үлгілік бағдарламаларына сүйенеді;
23. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында белгіленген шекте оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін дербес таңдайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің білім беру процесін жүзеге асыру үшін жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді және бекітеді;
24. Оқыту тілі қазақ тілі болып табылады;
25. Оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен каникул саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады;
26. Оқыту түрі: күндізгі және экстернат. Экстернат түрінде оқыту ҚР Ministry of Education and Scienceнің тиісті бұйрығымен бекітілген "негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету және экстернат нысанында оқыту қағидаларымен реттеледі.
27. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады.
Білім алушыларға қатысты күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізе отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
28 Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының талаптарына сәйкес білім алушылардың мектеп формасын киюіміндетті. Оны кию тәртібі, түсі, фасоны мен стилі ата-аналар комитетімен немесе қамқоршылық кеңеспен келісім бойынша мемлекеттік мекеме директорының бұйрығымен бекітіледі.
Оқушылардың сыртқы келбеті қоғамда жалпы қабылданған іскерлік стиль нормаларына сәйкес келуі және көзге оғаш детальдарды болдырмауы тиіс:
- ұлдар (ұлдар) үшін - қысқа классикалық немесе модельдік шаш қию;
- қыздар (қыздар) үшін-ұзын шашы өрілген немесе жиналған, ұзындығы орташа шаш шаш қыстырғышпен ( заколка), бантикпен жиналу керек.
Мектеп формасына қойылатын талаптар:
- Киім стилі-іскерлік, классикалық;
- Бірыңғай мектеп формасы күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.
Бірыңғай мектеп формасын киген кезде рұқсат етілмейді :
- арты жоқ ( шлепанцы, сланцы, т.б.) кроссовка, кеда, 2,5 см-ден биік болатын өкшесі бар аяқ киім, діни таңбалары бар киімдер ( хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикхскалық тюрбан, иудейлердің бас киімдерін, өте дөрекі көрінетін христиандардың крестерін және т.б.) киюге, белдерін, төстерін, іштерін ашып жүруге, денесіне жабысып, іш киімін көрсетіп тұратын киім киюге тыйым салынады. Белдемшенің ұзындығы тізеден жоғары болмауы керек.
- «Панки», африкалық бұрым тәрізді шаш үлгісін жасауға, көздерін жауып тұратын кекіл қоюға, ер балаларға сақал, мұрт қоюға, шашты түрлі –түсті бояуға, татуировка жасауға, боянуға, пирсинг және түрлі –түсті әшекейлер тағуға,кірпік жабыстыруға, қолдың тырнақтарын бояуға тыйым салынады.
29. Мемлекеттік мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтауға міндетті.
Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;
30. Инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, мемлекеттік мекеме ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім алу, дамудың бұзылуын түзету және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемеде ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы сыныпта (екі баладан артық емес) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша және (немесе) арнайы сыныптарда арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша дамудағы бұзушылықтардың түрлері бойынша оқыту көзделген.
Жалпы және (немесе) арнайы сыныптарда оқитын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, логопед) түзету сабақтарын өткізеді.
31.Мемлекеттік мекемеге қабылдау мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдауға арналған құжаттардың тізбесі мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларында және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартында айқындалады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері мұғалімді таңдауға құқылы емес. Сыныптан сыныпқа ауыстыру үлгерім нәтижелері бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады;
Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, 0-11 сыныптарда білім алушылардың ең аз саны 5 адамнан кем болмауы тиіс. Мектепалды сыныптарға қабылдау ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша жүзеге асырылады;
32. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;
Қорытынды аттестаттаудан табысты өткен түлектерге мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;
33. Кәмелетке толмаған білім алушыларды оқудан шығаруға заңға қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымының және мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқудан шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.
34. Жалпы білім беру процесінің қатысушылары: тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар);
35. Білім алушылардың құқығы бар:
1) тегін жалпы орта білім алуға;
2) әртүрлі қызмет түрлеріндегі ерекше табыстары үшін көтермелеуге;
3) тегін медициналық қызмет алуға;
4) кітапхана қорын тегін пайдалану;
5) қосымша (ақылы) білім беру қызметтерін алуға;
6) адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге құқығы бар.
36. Білім алушылар:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті;
2) білім алушы саналы және шынайы білім алуға ұмтылуға,мекеменің мүлкін адал сақтауға және ұқыпты қарауға, мектеп мүлкіне зиян келтірген жағдайда оның құнын ата-анасымен бірге қалпына келтіруге және өтеуге міндетті;
3) мекеменің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті;
4) мемлекеттік мекеме белгілеген мектеп формасын киіп жүруге міндетті.
37. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері:
1) балалардың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік мекеме ұсынатын мүмкіндіктер шеңберінде оқыту нысанын таңдауға құқылы;
2) қамқоршылық кеңес немесе ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттік мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға құқылы;
3) өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға құқылы;
4) өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға құқылы;
38. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
1) балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың зияткерлік және Дене күшінің дамуын, имандылық тұрғыдан қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті;
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке айқындай отырып, мектеп алды даярлықты қамтамасыз етуге міндетті;
3) мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті;
4) балалардың мемлекеттік мекемедегі сабақтарға қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
5) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) мемлекеттік мекемеде белгіленген киім нысанын сақтауға міндетті;
7) өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға жауапты болуға міндетті;