«Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» » №41-орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705)5385480
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі»
20
июнь
2022

«Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі»





16 маусым күні сағат 10.00 де мектебімізде «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты кеш  өткізілді. Шара барысында санитарлық талаптар сақталынды. Салтанатты кешіміздің мектебіміздің директоры Кунсакалова Жанаргүл Баймажиевнаға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алшынова Әсем Сәкенқызы және де сынып жетекшілері Әлімғазы Ермек пен Кенжебаева Ұлмекенге  сөз берілді.

Бүгінгі салтанатты кеш ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата - аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл - қыздардың, яғни биылғы түлектеріміздің құрметіне арналып отыр. Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі Ұлттық бірыңғай тестілеуден мектебіміздің үмітін ақтаған бір «Алтын белгі» иегері Жетен Ақбота үмітімізді ақтап отыр. Бұл ұстаздар мен ата - аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. 

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып! – дей келе түлектердің құрметіне түрлі әндер мен билер орындалды. Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге 11 түлек жолдама алды. 11 арман 11 үміт осынша сенім мен осынша тағдыр!Ересектер қатарымен толықты. Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарына Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспіз деген тілекпен салтанатты кешіміз аяқталды.