Ыстық тамақ » №41-орта мектебі
Almaty region
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№41-орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(705)5385480
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
26
March
2021

Ыстық тамақ

2020-2021 оқу жылындағы №41 жалпы білім беретін орта мектепте оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы анықтама
Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету елдегі карантин жағдайына байланысты оқушылардың қашықтықтан оқуына байланысты 2021 жылдың ақпан айынан ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының 30 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» №812 Қаулысын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру мен мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау сондай –ақ Талғар аудандық білім бөлімінің 2021 жылдың 1-ақпанындағы №15-Н «а» «Аудан мектептерінде оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру» туралы, «Almaty region Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№41 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі» 2021 жылғы 01-ақпанындағы №26–Ө бұйрығын негізге ала отырып, 2020-2021 оқу жылының ақпан айында әлеуметтік жағдайы төмен, жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балалары мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ішеді.
Сынып жетекшілер сыныптағы оқушылардың отбасылық материалдық тұрмыстық жағдайын тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында рейд жасап, акт толтырды. Оқушылардың құжаттары жинақталып, өтініштерін аудандық білім бөлімінің басшысы бекітті. Мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақтың сапасын, мөлшерін, оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалау мақсатында мектепішілік әкімшілік мүшелерінен, сынып жетекшілерден, ата-аналардан комиссия құрылып бұйрық шығарылды.
арнайы аудандық СЭС бекіткен 2 апталық ас мәзірі бойынша тамақ дайындалып, күнделікті оқушылар кесте бойынша барып ішті.
Күнделікті ас мәзірінде көрсетілген тамақ құрамының нормасы өлшеніп, бекітіліп отырады.
Ақпан айында арнайы бекітілген комиссия мүшелері асхана тазалығы, тамақтың дайындалу сапасы, сатылымдағы тағамдардың дайындалу сапасы, оқушылардың уақытылы келіп тамақтануы т.б. бақылау жасап акт толтырды. Administration мүшелері мектеп директоры Кунсакалова Ж.Б., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кылышбаева Л.С, мектеп медбикесі Досжанова К., мектеп кітапханашысы Кудайбергенова Г.М., ата-ана комиссия мүшесі Дүйсенбинова К.асхана жұмысына тексеру жүргізіп, акт толтырылды. Тексеріс барысында ешқандай кемшілік байқалмады. Сынып жетекшілерге тегін тамақ ішетін оқушыларды дәл уақытында жіберіп отырулары ескертілді.
Теги:
асхана